Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
TurkistanZaman
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Түркістан тұлғалар
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Түркістан тұлғалар
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
TurkistanZaman
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Білім

Әскери борышын өтеген 3 мыңға жуық адам жоғары оқу орындарына грантпен түсе алады c

Әскери борышын өтеген 3 мыңға жуық адам жоғары оқу орындарына грантпен түсе алады c
Asyl TolegenovaAsyl Tolegenova
September 22, 2022
in Білім, Қоғам
0
0
SHARES
2
VIEWS

Қорғаныс министрлігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп әскери қызметтің беделін арттыруды көздеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2023 жылдан бастап әскери борышын өтеген қазақстандықтар жоғары оқу орындарына Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесін есепке алмай-ақ түсе алады. Сондай-ақ, ақылы түрде білім алуға өтініш беруге болады. Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаеваның айтуынша, қорғаныс ведомствосында қазірдің өзінде ережелер қарастырылып жатыр.

«Жобаны іске асыру келесі жылы басталады. Алайда, қазіргі уақытта әскери борышын өтеп жүрген сарбаздарға да білім бойынша жеңілдіктер қарастырылған. Бізді ғылым және жоғары білім министрлігі, жоғары оқу орындарының ректорлары қолдап отыр», – деп атап өтті ол.

Кешегі сарбаздар оқуға күнтізбелік кезеңде, мысалы, күзде запасқа ауыстырылғаннан кейін және қызмет аяқталған соң екі жыл ішінде түсе алады. Әскери қызмет өткеру кезеңінде тәртібі жақсы, жауынгерлік дайындықта жоғары нәтижелерге қол жеткізген үздік әскери қызметшілерге ЖОО гранты есебінен тегін жоғары білім алуға мүмкіндік беріледі.

«Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов жоғары оқу орындарының ректорларына ең лайықты әскери қызметшілер оқу орнының грантына сене алады деген ұсыныспен жүгінді. Бұл бастаманы біз ұсыныс айтқан барлық университеттер қолдады», – деп толықтырды Қорғаныс министрінің кеңесшісі.

Барлық өңірлердегі 40-қа жуық жоғары оқу орны, соның ішінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Satbayev University, Astana IT University бар.

Қорғаныс министрлігі университеттер жылына кемінде 3000 грант бөледі деп шамалап отыр. Осылайша, әскерге шақырылған әрбір оныншы сарбаз оқуға тегін түсуге мүмкіндік алады. Бұл тек Қарулы Күштердің құрамалары мен бөлімдерінде ғана емес, басқа да әскери құрылымда – Шекара қызметі, Ұлттық ұланда қызмет еткен жауынгерлер де болмақ.

Қорғаныс министрлігі қазірдің өзінде жауынгерлердің дайындық барысында жинаған ұпайларын қорытындылап, рейтингін анықтайтын әдістерді әзірлеп жатыр.

«Бұл – алынған бағалардың жинақтаушы жүйесінің бір түрі. Жауынгерлер әскери тәртіпті сақтағаны, әскери құраманың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін қосымша ұпай алады», – деп бөлісті А.Төлембаева.

Алдыңғы жаңалық

«Үздік педагог-2022» байқауына өтінім қабылдау ұзартылды

Келесі жаңалық

Шымкентте патрульдік полиция қызметкері пара алды деген күдікке ілінді

Ұқсас жаңалықтар

Тестілеуден оңай өтпек болған павлодарлық мұғалімдер алаяққа алданды
Аймақ

Тестілеуден оңай өтпек болған павлодарлық мұғалімдер алаяққа алданды

October 4, 2022
Елде Toyota зауытын ашу туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр
Қоғам

Елде Toyota зауытын ашу туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр

October 4, 2022
Елімізде ұн 41%-ға қымбаттады
Аймақ

Елімізде ұн 41%-ға қымбаттады

September 29, 2022
Елордада «Ой көкпар» зияткерлік сайысы өтті
Аймақ

Елордада «Ой көкпар» зияткерлік сайысы өтті

September 29, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Тестілеуден оңай өтпек болған павлодарлық мұғалімдер алаяққа алданды

October 4, 2022

Елде Toyota зауытын ашу туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр

October 4, 2022

Елімізде ұн 41%-ға қымбаттады

September 29, 2022

Елордада «Ой көкпар» зияткерлік сайысы өтті

September 29, 2022

Ресей шекарасынан өте алмай қалған отандастарымыз үшін «жасыл дәліз» құрылады

September 29, 2022

Орыстар 1382 жылы Мәскеуден неге қашып еді?

September 29, 2022

Қазақстанда ерлі-зайыптылар зейнетақы жинағын біріктіре алады

September 29, 2022

МТҚ Қазақстанда интернет неге баяу істеп тұрғанын айтты

September 29, 2022

Тарихи отанына оралғысы келетін қазақтардың саны күрт артты

September 29, 2022
Келесі жаңалық
Шымкентте патрульдік полиция қызметкері пара алды деген күдікке ілінді

Шымкентте патрульдік полиция қызметкері пара алды деген күдікке ілінді

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы,
    Алатау Медиа орталығы, 4-қабат
  • E-mail: , 
  • turkistanzaman.kz

Басты жаңалықтар

Елімізде ұн 41%-ға қымбаттады

Елімізде ұн 41%-ға қымбаттады

by Asyl Tolegenova
September 29, 2022
0

Тестілеуден оңай өтпек болған павлодарлық мұғалімдер алаяққа алданды

Тестілеуден оңай өтпек болған павлодарлық мұғалімдер алаяққа алданды

by Asyl Tolegenova
October 4, 2022
0

Серіктестер

NurMedia
         
  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2021 turkistanzaman.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2021 turkistanzaman.kz