Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
TurkistanZaman
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Түркістан тұлғалар
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Түркістан тұлғалар
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
TurkistanZaman
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Билік

Түркістанда «Түркі әлемінің орталығы» нысанының тұжырымдамасын әзірлеу жөнінде мәжіліс ұйымдастырылды

Түркістанда «Түркі әлемінің орталығы» нысанының тұжырымдамасын әзірлеу жөнінде мәжіліс ұйымдастырылды
Asyl TolegenovaAsyl Tolegenova
November 24, 2022
in Билік, Қоғам
0
0
SHARES
33
VIEWS

Жуырда Түркістан қаласында «Түркі әлемінің орталығы» нысанының сәулеттік-көркемдік келбетін, кешенді сәулет тұжырымдамасын әзірлеу үшін республикалық ашық байқау ұйымдастырылған болатын. Бүгінде осы маңызды жобаны жүзеге асыру жолдары зерделеніп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен аталған орталықтың тұжырымдамасын әзірлеу жөнінде кеңес өтті.

– «Түркі әлемінің орталығы» нысанының тұжырымдамасы терең талданып жасалуы тиіс. Түркі мемлекеттеріне арналған бөлімдері мен мұражайларын әзірлеуге сол елдердің өкілдерін шақыру мәселесін қарастырған жөн. Еліміз үшін, Түркістан үшін бұл нысанның идеологиялық-рухани мәні зор. Бұл орталық түркі елдерінің тарихын ғана дәріптеп қана қоймай, туризмді дамытуға үлес қосады. Оған барлық мүмкіндікті қарастырамыз. Алдымен облыстық, кейін мемлекеттік деңгейде зерделеп, ұсыныстарды енгіземіз, – деді Дархан Сатыбалды.

Мәжілісте құрылыс, сәулет саласының өкілдері өз пікірлері мен ұсыныстарын айтты. Түркістан облысының мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев Түркістан қаласындағы «Түркі әлемінің орталығы» нысанының ғылыми тұжырымдамасы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы №207 Заңына сәйкес дайындалатынын айтты. 2021 жылы, 31 наурызда «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбында түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті өткен болатын. Саммитте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында түркі халықтарына ортақ сәулет нысанын салуды тапсырды. Осы тапсырма да негізге алынады.

Қазақстан – күллі түркі халықтарының қасиетті қара шаңырағы. «Түркі әлемі» орталығы заманауи технологияларды пайдалана отырып, тұрақты экспозициялар мен уақытша көрмелер құру арқылы мыңжылдықтар түкпіріндегі түркі әлемі халықтарының тарихы мен мәдениетін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар мәдени, әдеби форумдар мен білім беру бағдарламаларын өткізуге арналған орын болуы тиіс. Орталықтың басты міндеттерінің бірі – түркі әлемінің тарихи – мәдени мұрасын насихаттау, Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани астанасы ретінде және халықаралық деңгейдегі мәдени және туристік орталық ретінде насихаттау. Туристер санын арттыру да – назарда. Осы деректерге тоқталған басқарма басшысы көне түркі жазуы, Түркі әлемінің даңқты перзенттерін де насихаттау жоспарда екенін жеткізіп, осы бағытта ұсыныстар әзірленіп жатқанын атап өтті.

 

Алдыңғы жаңалық

Алаяқтардың арбауына түскен ана

Келесі жаңалық

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте санитарлық талаптарға сай келмейтін балабақшалар анықталды
Аймақ

Шымкентте санитарлық талаптарға сай келмейтін балабақшалар анықталды

December 12, 2022
Саурандық үздік жастар марапатталды
Аймақ

Саурандық үздік жастар марапатталды

December 12, 2022
Каникул қысқара ма?
Білім

Каникул қысқара ма?

December 12, 2022
Тоқаев Ұлттық қордың шығынының көптігін және оның табысының төмен екенін сынады
Басты жаңалықтар

Тоқаев Ұлттық қордың шығынының көптігін және оның табысының төмен екенін сынады

December 12, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Шымкентте санитарлық талаптарға сай келмейтін балабақшалар анықталды

December 12, 2022

Саурандық үздік жастар марапатталды

December 12, 2022

Каникул қысқара ма?

December 12, 2022

Шымкентте пәтерінде есірткі жасырған әйел ұсталды

December 12, 2022

Қазақстандық оқушылар рекорд жаңартты

December 12, 2022

Тоқаев Ұлттық қордың шығынының көптігін және оның табысының төмен екенін сынады

December 12, 2022

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысты

December 12, 2022

СҚО-да шыршаны браконьерлерден қорғау үшін 95 мобильді топ құрылды

December 12, 2022

Келес ауданында 70 маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие берілді

December 12, 2022
Келесі жаңалық

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы,
    Алатау Медиа орталығы, 4-қабат
  • E-mail: info@turkistanzaman.kz, 
  • www.turkistanzaman.kz
Yandex.Metrica

Басты жаңалықтар

Қазақстанда тойға рұқсат берілді

Қазақстанда тойға рұқсат берілді

by Dauren Zhunis
September 21, 2021
0

Тарих рақымсыз

Тарих рақымсыз

by TurkistanZaman
May 27, 2021
0

Серіктестер

NurMedia
         
  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2021 turkistanzaman.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2021 turkistanzaman.kz