Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
TurkistanZaman
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Түркістан тұлғалар
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Түркістан тұлғалар
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
TurkistanZaman
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Cаясат

2025 жылға қарай халық 100% сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі — Б. Атамқұлов

2025 жылға қарай халық 100% сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі — Б. Атамқұлов
Balgyn ErbolkyzyBalgyn Erbolkyzy
September 2, 2021
in Cаясат, Басты жаңалықтар, Билік, Денсаулық, Экономика, Қазақстан
0
0
SHARES
14
VIEWS

Министрдің айтуынша, әзірге сапалы ауыз сумен қамтылмаған 1922 ауылдың 793-інде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесін салу жоспарланып отыр. 

«Халық саны 200-ден аз 1 129 ауылда суды тазартатын жергілікті жүйе орнатылады. 2025 жылы сумен жабдықтау қызметтерімен ел халқы толықтай қамтамасыз етіледі», — деп сендірді Б. Атамқұлов.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. Өнеркәсіп саласындағы тапсырмаларды орындаудың негізгі тетіктері туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндады.

Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының отандық өнеркәсіп үшін шикізат тауарларының бағасы мен көлемінің қолжетімді болуы жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында мынадай шаралар жоспарланып отыр: Біріншіден, өнеркәсіптік саясат туралы заң жобасына ішкі нарықтағы шикізатқа бағаларды белгілеуге бақылау енгізіледі.  Екіншіден, Лондон металдар биржасы (LME) бағасынан дисконт ұсыну қағидатымен ел ішінде биржалық металдарға баға белгілеу механизмі енгізіледі. Ол шикізатты қайта өңдеу деңгейіне байланысты болады. Яғни, қорытпалар немесе прокат өндіргенде ең төменгі жеңілдік беріледі. Ал дайын бұйымдар өндірілгенде ең жоғары жеңілдік енгізіледі.  Үшіншіден, қайта өңдеушілер мен жаңадан іске қосылатын кәсіпорындардың қуаттарына қарай ішкі қайта өңдеуге металдар көлемін резервтеу енгізіледі.

Министрдің айтуынша, Министрлік жыл соңына дейін осы маңызды міндеттің оңтайлы шешімінің нұсқасын әзірлейді.  Құрылыс саласында жобалардың сметалық құны төмендетіледі. Министрлік жобалаудың бастапқы кезеңінде болжамды құнын есептеу үшін «Онлайн-Калькулятор» жүйесін іске қосты.

Статистикалық деректер негізінде сметалық бағаларды қалыптастыру бойынша «КДС-Стат» ақпараттық жүйесі енгізілді. Жобалық шешімдерді көп мәрте қолдану және біркелкі қабылдау үшін «Жобалық сметалық құжаттаманың бірыңғай электрондық банкі» құрылды. «Мемлекеттік қаражат есебінен салынатын әлеуметтік объектілерде 1 шаршы метр құрылыстың шекті құнын белгілеу ұсынылады», — деді Б. Атамқұлов.

Өз кезегінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі халықтың жайлы өмір сүруіне жағдай жасауға бағытталған Аумақтарды кешенді дамытудың жаңа стандарттарын әзірлейді.  Ол стандарттарға мыналар кіреді: 1. Қала аумақтарын кешенді дамыту принциптері; 2. Қалалық аумақтарды дамыту стандарты; 3. Бос аумақтарды игеру стандарты; 4. Қалалардың келбетін қалыптастыру стандарты. «Оған қоса барлық деңгейдегі қала құрылысы сараптамасының бірыңғай институты енгізіледі», — деді Б. Атамқұлов.

 

Tags: ауыз сужолдауҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев
Алдыңғы жаңалық

Қазақстанда Ұлттық қордан берілетін трансферттердің көлемін шектейтін контрциклдық бюджеттік қағида енгізіледі - Е. Досаев

Келесі жаңалық

Түркістан: Қазығұрттық депутаттар мұқтаж отбасының баспаналы болуына көмектесті

Ұқсас жаңалықтар

Ресей шекарасынан өте алмай қалған отандастарымыз үшін «жасыл дәліз» құрылады
Басты жаңалықтар

Ресей шекарасынан өте алмай қалған отандастарымыз үшін «жасыл дәліз» құрылады

September 29, 2022
Орыстар 1382 жылы Мәскеуден неге қашып еді?
Қазақстан

Орыстар 1382 жылы Мәскеуден неге қашып еді?

September 29, 2022
Тарихи отанына оралғысы келетін қазақтардың саны күрт артты
Қазақстан

Тарихи отанына оралғысы келетін қазақтардың саны күрт артты

September 29, 2022
Алда бұдан да көп жұмыс күтіп тұр
Билік

Алда бұдан да көп жұмыс күтіп тұр

September 28, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Тестілеуден оңай өтпек болған павлодарлық мұғалімдер алаяққа алданды

October 4, 2022

Елде Toyota зауытын ашу туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр

October 4, 2022

Елімізде ұн 41%-ға қымбаттады

September 29, 2022

Елордада «Ой көкпар» зияткерлік сайысы өтті

September 29, 2022

Ресей шекарасынан өте алмай қалған отандастарымыз үшін «жасыл дәліз» құрылады

September 29, 2022

Орыстар 1382 жылы Мәскеуден неге қашып еді?

September 29, 2022

Қазақстанда ерлі-зайыптылар зейнетақы жинағын біріктіре алады

September 29, 2022

МТҚ Қазақстанда интернет неге баяу істеп тұрғанын айтты

September 29, 2022

Тарихи отанына оралғысы келетін қазақтардың саны күрт артты

September 29, 2022
Келесі жаңалық
Түркістан: Қазығұрттық депутаттар мұқтаж отбасының баспаналы болуына көмектесті

Түркістан: Қазығұрттық депутаттар мұқтаж отбасының баспаналы болуына көмектесті

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы,
    Алатау Медиа орталығы, 4-қабат
  • E-mail: , 
  • turkistanzaman.kz

Басты жаңалықтар

Елімізде ұн 41%-ға қымбаттады

Елімізде ұн 41%-ға қымбаттады

by Asyl Tolegenova
September 29, 2022
0

Тестілеуден оңай өтпек болған павлодарлық мұғалімдер алаяққа алданды

Тестілеуден оңай өтпек болған павлодарлық мұғалімдер алаяққа алданды

by Asyl Tolegenova
October 4, 2022
0

Серіктестер

NurMedia
         
  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2021 turkistanzaman.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2021 turkistanzaman.kz