Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
TurkistanZaman
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Түркістан тұлғалар
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Түркістан тұлғалар
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
TurkistanZaman
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Cаясат

Дана Нұржігіт: «Әйелдердің зейнетке шығу жасын — 58 жас деп белгілеуіңізді сұраймын»

Дана Нұржігіт: «Әйелдердің зейнетке шығу жасын — 58 жас деп белгілеуіңізді сұраймын»
Galiya BiseyitGaliya Biseyit
9 Маусым, 2022
in Cаясат
0
0
SHARES
2
VIEWS

Сенатор Дана Нұржігіт әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендетуді ұсынды, — деп хабарлайды TurkistanZaman ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Дана Нұржігіт депутаттық сауалында әлеуметтік желілер арқылы күн сайын оннан аса өтініш келіп түсетінін айтты.

«Егер өзімізді тыңдаушы мемлекетпіз десек, бұл мәселені назардан тыс қалдыра алмаймыз. 2015 жылы зейнеткерлік жасты өзгерту туралы заң қабылданғанда Қазақстандағы орташа жас негізге алынған болатын. Ол кезде ол 73 жас болатын. 2021 жылы бұл көрсеткіш 70 жас болып қабылданды. БҰҰ мәліметінше, Қазақстанда 2022 жылы өмір сүру ұзақтығы әйелдер үшін 78 жас, ерлер үшін 70 жас болады деп болжанған. Алайда, пандемияға байланысты бұл көрсеткіштер өзгерді. Шындығында, бүгінде қандай болжам бар екені туралы нақты ақпарат жоқ. Меніңше, мұндай анық емес, сенімсіз ақпарат, яғни күмәнді көрсеткіштер әлеуметтік маңызы бар заңды қабылдауға негіз бола алмайды», — деді Дана Нұржігіт.

Ол Ұлттық статистика бюросының деректеріне сілтеме жасап, 2020 жылы өлім-жітім 2019 жылмен салыстырғанда 22 пайызға өскенін айтты. Оның айтуынша, кейінгі жылдары бұл процесс тоқтаған жоқ.

«Осылайша, әлемдік болжамдарға негізделген 2015 жылғы зейнетақы реформасы Қазақстанның қазіргі жағдайына мүлдем сәйкес келмейді. Осыдан жеті жыл бұрын әлемде қарттар саны көбейіп, еңбекке жарамдылар азайып бара жатқаны айтылды. Алайда, пандемия, әлеуметтік-экономикалық дағдарыс салдарынан бұл болжамдар қате болып шықты. Тағы бір себеп, мемлекетіміздегі басты мәселе – жұмыссыздық. Әсіресе, жастар арасындағы жұмыссыздық. Қазақстандағы мүдделі мемлекеттік органдардың ресми ақпаратына сәйкес, 2022 жылдың бірінші тоқсанындағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті 9 миллионнан астам адамның 453,1 мыңға жуығы жұмыссыз. 2021 жылдың бірінші тоқсанында бір жылдан астам жұмыс іздеп жүрген 15 пен 28 жас аралығындағы жастардың үлесі 8 350 адам болды. Ал 2022 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 9 262 адам болды немесе 10 пайызға өсті. Бұған жыл сайын жоғары оқу орындарын бітіріп, жұмыс таба алмай жүрген жастардың санын қоссақ. Сондай-ақ биыл елімізде алғаш рет қолданбалы бакалавриат пилоттық режимде жүзеге асырылып жатыр, оған сәйкес жастар 2-2,5 жыл оқып, еңбек нарығына жұмыс іздеп шығады. Оларды қайда жұмысқа аламыз?», — деп қосты сенатор.

Депутат қазіргі зейнетақы заңнамасына сәйкес азаматтар 60-63 жасқа дейін жұмыс істесе, жұмыс орындарын босатпайтынын айтты. Оның айтуынша, мұндай жағдайда өскелең ұрпаққа жұмыс қалмайды.

«Соңғы уақытта үкімет зейнетақы секторы мәселелерін қарастырып, ауыр жұмыстарда істейтін адамдардың зейнет жасын қайта қарап жатқанын білеміз. Әйелдердің зейнет жасын өзгерту туралы тілектерін айтпауға арым жібермейді. Осы өтініштер бойынша әйелдердің зейнетке шығу жасын — 58 жас деп белгілеуіңізді сұраймын. Ал егер әйел жұмысын жалғастыруға дайын болса, оны қарастыру оның құқығы», — деп түйіндеді сөзін Дана Нұржігіт.

Қазір Қазақстан заңнамасына сәйкес, ерлер үшін зейнеткерлік жас — 63 жас, әйелдер үшін қазіргі уақытта 60,5 жасты құрап, 2027 жылы одан әрі кезең-кезеңмен 63 жасқа дейін өседі.

Алдыңғы жаңалық

Түркістанда кәмелет жасқа толмаған балалардың жұмыс істеуі көбейген

Келесі жаңалық

Кәрізден шала туған нәрестенің мәйіті табылды

Ұқсас жаңалықтар

Қарапайым азаматтар компания акцияларын иелене алады
Cаясат

Қарапайым азаматтар компания акцияларын иелене алады

28 Маусым, 2022
Біртанов ісіне Мамин, Тоғжанов, Мусин және Дүйсенова куәгер болады
Cаясат

Біртанов ісіне Мамин, Тоғжанов, Мусин және Дүйсенова куәгер болады

23 Маусым, 2022
Құқық қорғау жүйесіне түбегейлі реформа жасалады
Cаясат

Құқық қорғау жүйесіне түбегейлі реформа жасалады

23 Маусым, 2022
Қазақстан қантты шетелден сұрауға мәжбүр
Cаясат

Қазақстан қантты шетелден сұрауға мәжбүр

23 Маусым, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Қазақстанда рубль бағамы өсті

29 Маусым, 2022

LRT құрылысын аяқтау үшін 577 миллион доллар қажет

29 Маусым, 2022

Қазақстанда жыл басынан бері несиелендіру көлемі 1 триллион теңгеден асқан

29 Маусым, 2022

Көркем еңбек пәні екіге бөлінді

29 Маусым, 2022

1-сыныптарда математикадан оқу жүктемесі 1 сағатқа ұзартылды

29 Маусым, 2022

Ұлытау облысында цемент үнемдеген мердігерге айыппұл салынды

29 Маусым, 2022

Жезқазғандағы ЖЭС-тен өрт шықты

29 Маусым, 2022

Түркістандық БАҚ өкілдері республикалық спартакиадан топ жарды

29 Маусым, 2022

Қызыл кітапқа енген қызғалдақ үшін айыппұл салынбауы мүмкін

29 Маусым, 2022
Келесі жаңалық
Кәрізден шала туған нәрестенің мәйіті табылды

Кәрізден шала туған нәрестенің мәйіті табылды

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы,
    Алатау Медиа орталығы, 4-қабат
  • E-mail: , 
  • turkistanzaman.kz

Басты жаңалықтар

Біртанов ісіне Мамин, Тоғжанов, Мусин және Дүйсенова куәгер болады

Біртанов ісіне Мамин, Тоғжанов, Мусин және Дүйсенова куәгер болады

by Galiya Biseyit
23 Маусым, 2022
0

ФИФА рейтингінде Қазақстан 11 сатыға көтерілді

ФИФА рейтингінде Қазақстан 11 сатыға көтерілді

by Galiya Biseyit
23 Маусым, 2022
0

Серіктестер

NurMedia
         
  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2021 turkistanzaman.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2021 turkistanzaman.kz