Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
TurkistanZaman
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Түркістан тұлғалар
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Түркістан тұлғалар
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
TurkistanZaman
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Әлеумет

«Баяғымен салыстырғанда қазір алға жылжу бар»

«Баяғымен салыстырғанда қазір алға жылжу бар»
Galiya BiseyitGaliya Biseyit
23 Маусым, 2022
in Әлеумет
0
0
SHARES
7
VIEWS

Айшылық алыс жерден жылдам хабар алғызып, қарыштап дамыған техника жылқыны темір тұлпарға, сұңқарды ұшаққа айырбастады. Көздеген межеге жету әуе, мейлі тас жол болсын оңтайлана түсті. Нарық заманында көлік қызметі үлкен сұранысты иемденіп, ТМД елдері арасында жүк тасымалының 70%-ын автомобиль орындап келеді.

Әйтсе де жол сапасы жағынан Қазақстиан әлем елдерінен артта қалды. Біздегі жолдардың сапасы сын көтермей, жарамды кепілдігі де ақсаңдап тұр. Бәрін басып озған техниканың сапалы жол салуға қауқары жетпей ме? Әлде, жол салудың біз білмейтін қыры мен сыры көп па? Бұл сұрақтарға өмірінің 40 жылын жол саласына сарп еткен ардагер жолшы Бердібек Досыбай жауап берді.

 — Қызмет жолыңыз Кеңес одағы тарамай тұрып басталған. О заман мен бұ заманның да тыныс-тіршілігіне қанықсыз. Кеше мен бүгінгі жолдың айырмашылығы қандай?

 Баяғымен салыстырғанда қазір алға жылжу бар. Асфальттің сапасы жақсарып келеді. Адамдардың  мүмкіншілігі артып, жолдар ұзарып жатыр.  Бұрын тек құм жолдармен сапарға шықсақ, қазір техника қарқынды дамып, ыстық тас жолдардың саны артып келеді.Кеңес одағы кезінде тас жолдарды салғанда халыққа тиімді жақтарын қарастыратын. Мысалы, 80-90 жылдары еліміздің көптеген тас жолдарында демалыс алаңшасы болатын. Ұзақ сапардан келе жатқан жеңіл, ауыр көліктерге автотұрақтың көмегі көп тиетін. Неге? Себебі жол бойындағы автотұрақ апта бойы жүдеп келе жатқан жүргізушілердің демалуына мүмкіндік береді. Демалу тұрағы қазір жоқтың қасы дей алмаймын. Бірақ санын көбейту керек.

— Статистика бойынша, Қазақстан Республикасының автокөлік жолдары 141 елдің ішінен 92 орында тұр.  Алдыңғы шептен көріну үшін бізге не жетпейді?

 Бізде жол белгілері жетіңкіремейді. Осының салдарынан көлік апаттары мен адам шығындары көп болып жатыр. Жолға қанша қаражат бөлінсе, жол белгілеріне де сонша ақша керек. Өйткені, белгіге баса назар аудару тек көлік жүргізушісіне ғана емес, жаяу жүргінші үшін де аса маңызды.

— Жол саласының басты проблемасы қандай?

Жолдың жауы жаңбыр мен ауыр жүк көліктері. Су тас жарады ғой. Жауын-шашыннан арылмайтын аймақтар бар.  Кез келген жерге жауын жауса, тас жол суды  өзіне сіңірмей, су сыртқа ағып кетуі қажет. Салынған тас жол сапасыз болып, арасына су кірсе жолдың жарамдылық мерзімі болмайды. Тығыздыққа су кіреді. Үстінен ауыр жүк көліктері жүріп өткенде жаңағы тас жолдың түгі қалмайды. Жолдың материалы  сапалы болса, бәрі керемет бола қалмайды. Жолдың сапасы материалға да салған адамға да байланысты емес. Жолдың сапасы жолдың жобасына байланысты. Материалды таңдап алардан бұрын қай жерде қандай сапалы материал барына назар аудару керек.

— Жолдың жауы — ауыр жүк көліктері дедіңіз. Ал, осы қауіпті жүк тасымалының алдын қалай аламыз?

Айналма жолды көбейту керек. Қазір 60 тонна тиеген жүк көліктері тас жолда жүйткіп жүр. Ауыр көлік Республикалық маңызы бар жолдармен, қалаға кірмей, сырттан  айналуы тиіс. Біз жолды осылай ғана сақтай аламыз. Мәселен, Өзбекстанмен арамызды жалғайтын негізгі жол бар. Көпір арқылы рұқсат етілген 20-30 тонна жүкті тиеп өте алады. Келешекте, шамамен 2-3 жылдың көлемінде осы жол тоғыз жолдың торабында орналасқан Шымкент қаласына кіріп келеді. Міне сол жол Бәйдібек би қиылысына дейін жетсе, қалаға, тас жолға төнетін қауіп сейіледі. Бастысы, ауыр жүк көліктерінің бағытын айналма жолдан  адастырмау керек.

Әңгімелескен Ақбөпе ЕРГЕШ

Алдыңғы жаңалық

Қазақстанның сыртқы саудасының 30%-ға жуығы ЕО елдеріне тиесілі

Келесі жаңалық

Юрий Шатунов қайтыс болды

Ұқсас жаңалықтар

Шахматшы қыз Тоқаевтан қандай сыйлық алғанын көрсетті
Әлеумет

Шахматшы қыз Тоқаевтан қандай сыйлық алғанын көрсетті

22 Маусым, 2022
Түркістанда кәмелет жасқа толмаған балалардың жұмыс істеуі көбейген
Әлеумет

Түркістанда кәмелет жасқа толмаған балалардың жұмыс істеуі көбейген

9 Маусым, 2022
Биыл көктем шаруға қолайлы болды
Әлеумет

Биыл көктем шаруға қолайлы болды

7 Маусым, 2022
366 сотталушыға рақымшылық жасалды
Әлеумет

366 сотталушыға рақымшылық жасалды

4 Маусым, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Алматыда қандай ірі көшелер жөнделеді?

29 Маусым, 2022

Қазақстанда рубль бағамы өсті

29 Маусым, 2022

LRT құрылысын аяқтау үшін 577 миллион доллар қажет

29 Маусым, 2022

Қазақстанда жыл басынан бері несиелендіру көлемі 1 триллион теңгеден асқан

29 Маусым, 2022

Көркем еңбек пәні екіге бөлінді

29 Маусым, 2022

1-сыныптарда математикадан оқу жүктемесі 1 сағатқа ұзартылды

29 Маусым, 2022

Ұлытау облысында цемент үнемдеген мердігерге айыппұл салынды

29 Маусым, 2022

Жезқазғандағы ЖЭС-тен өрт шықты

29 Маусым, 2022

Түркістандық БАҚ өкілдері республикалық спартакиадан топ жарды

29 Маусым, 2022
Келесі жаңалық
Юрий Шатунов қайтыс болды

Юрий Шатунов қайтыс болды

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы,
    Алатау Медиа орталығы, 4-қабат
  • E-mail: , 
  • turkistanzaman.kz

Басты жаңалықтар

Біртанов ісіне Мамин, Тоғжанов, Мусин және Дүйсенова куәгер болады

Біртанов ісіне Мамин, Тоғжанов, Мусин және Дүйсенова куәгер болады

by Galiya Biseyit
23 Маусым, 2022
0

ФИФА рейтингінде Қазақстан 11 сатыға көтерілді

ФИФА рейтингінде Қазақстан 11 сатыға көтерілді

by Galiya Biseyit
23 Маусым, 2022
0

Серіктестер

NurMedia
         
  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2021 turkistanzaman.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2021 turkistanzaman.kz