Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
TurkistanZaman
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Түркістан тұлғалар
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Түркістан тұлғалар
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
TurkistanZaman
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Қоғам

Үш жылда қазақстандықтардың зейнетақысы 27 % өседі

Үш жылда қазақстандықтардың зейнетақысы 27 % өседі
Asyl TolegenovaAsyl Tolegenova
September 16, 2022
in Қоғам
0
0
SHARES
70
VIEWS

Үш жылда қазақстандықтардың зейнетақысы 27 % өседі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ризвангүл Дараева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спикердің келтірген мәліметіне сәйкес, қазір елімізде 2 млн астам зейнеткер бар.

«Жолдау шараларының бірі 2023 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасын 61 жас деңгейінде 5 жылға жоспарланған арттыруды тоқтата тұрумен байланысты болды. Бұл шешім коронавирус пандемиясының азаматтардың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығына кері әсерін тигізгенін ескере отырып қабылданды. Алдағы 5 жыл ішінде денсаулық сақтау жүйесін жақсарту жөнінде шаралар қабылданатын болады. Бұл ретте ауыл медицинасына, азаматтардың денсаулығын қалпына келтіруге және қолдауға бағытталған оңалту орталықтары желісін құруға және кеңейтуге ерекше назар аударылады», – деді Ризвангүл Дараева.
Оның айтуынша, 2023 жылдың 1 қаңтардан бастап 2027 жылға дейін ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ынан 70%-ына дейін, ең жоғарғысын – тиісінше 100 %-дан 120 %-ға дейін кезең-кезеңімен жеткізу көзделген.

«Осы кезеңде базалық зейнетақы мөлшері орта есеппен 51%-ға дейін артатын болады. Бұл ретте, базалық зейнетақының орташа мөлшерінің жыл сайынғы өсуі шамамен 13%-ды құрап, барлық 2 млн зейнеткерді қамтиды.Ұсынылып отырған шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%-ға өсіруге (3 жыл ішінде – 109 мыңнан 138 мың теңгеге дейін) және жиынтық зейнетақыдағы мемлекеттік төлемдердің үлес салмағын арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша, мемлекет қарт адамдар арасында кедейліктің өсуіне жол бермейді»,- деді ол.
Сондай-ақ Ризвангүл Дараева БЖЗҚ-ның жаңа инвестициялық стратегиясы әзірленетінін мәләм етті.

«Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және азаматтардың зейнетақы жинақтарының табыстылығын арттыру мақсатында зейнетақы активтерін тиімді басқаруды арттыру бойынша шаралар қабылданатын болады. Бұл ретте БЖЗҚ-ның жаңа инвестициялық стратегиясын әзірлеу және зейнетақы активтерін басқаруға инвестициялауда үлкен тәжірибесі бар кәсіби және ашық жеке компанияларды тарту жоспарда», – дейді спикер.
Бүгінде азаматтардың зейнетақы активтерінің бүгінгі көлемі 13 трлн теңгеден асты. Былтыр БЖЗҚ инвестициялық портфелінің табысы 11,13%-ды құрады.

Алдыңғы жаңалық

Түркістанда елден 100 мың АҚШ долларын заңсыз шығармақ болған азамат ұсталды

Келесі жаңалық

Назарбаев жұма намазын оқуға келді

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда «Түркі әлемінің орталығы» нысанының тұжырымдамасын әзірлеу жөнінде мәжіліс ұйымдастырылды
Билік

Түркістанда «Түркі әлемінің орталығы» нысанының тұжырымдамасын әзірлеу жөнінде мәжіліс ұйымдастырылды

November 24, 2022
Алаяқтардың арбауына түскен ана
Аймақ

Алаяқтардың арбауына түскен ана

November 24, 2022
Түркістан облысындағы су қоймаларынан келер қауіп жоқ
Аймақ

Түркістан облысындағы су қоймаларынан келер қауіп жоқ

November 24, 2022
Вице-премьер Түркістан облысындағы жылыжай жұмысымен танысты
Аймақ

Вице-премьер Түркістан облысындағы жылыжай жұмысымен танысты

November 24, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

November 24, 2022

Түркістанда «Түркі әлемінің орталығы» нысанының тұжырымдамасын әзірлеу жөнінде мәжіліс ұйымдастырылды

November 24, 2022

Алаяқтардың арбауына түскен ана

November 24, 2022

Түркістан облысындағы су қоймаларынан келер қауіп жоқ

November 24, 2022

Дархан Cатыбалды Түркістандық брендті қалыптастыруға күш салуды тапсырды

November 24, 2022

Біріккен «Қазавтожол» мен «Қазақавтодор» жаңа тұжырымдамасын таныстырады

November 24, 2022

Вице-премьер Түркістан облысындағы жылыжай жұмысымен танысты

November 24, 2022

Түркістанда ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің «ALTYN KÚZ – 2022» САЛТАНАТТЫ мерекесі өтті

November 24, 2022

Қазақстаннан әлем елдеріне ұшақпен сапарлау арзандайды

November 24, 2022
Келесі жаңалық

Назарбаев жұма намазын оқуға келді

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы,
    Алатау Медиа орталығы, 4-қабат
  • E-mail: , 
  • turkistanzaman.kz

Басты жаңалықтар

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссиясының кезекті отырысы өтті

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссиясының кезекті отырысы өтті

by Asyl Tolegenova
November 18, 2022
0

by Asyl Tolegenova
November 24, 2022
0

Серіктестер

NurMedia
         
  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2021 turkistanzaman.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2021 turkistanzaman.kz