Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
TurkistanZaman
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Түркістан тұлғалар
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Түркістан тұлғалар
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
TurkistanZaman
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Аймақ

Биыл Кентау қаласында 46 көше жөндеуден өткізілді

Биыл Кентау қаласында 46 көше жөндеуден өткізілді
Asyl TolegenovaAsyl Tolegenova
November 11, 2022
in Аймақ, Қоғам
0
0
SHARES
134
VIEWS

Кентау қаласында 2022 жылдың 9 айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 30,2 млрд. теңгеге жеткен. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов мәлімдеді.

Шаһар басшысының айтуынша, биыл негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 22,3 млрд.теңгеге жетіп, жоспар 27,4 пайызға артығымен орындалған.

– Кентау қаласындағы индустриалдық аймақ 25 га жерді құрайды. Ол аймақта құны 2,7 млрд.теңгені құрайтын, 219 жұмыс орнын қамтитын, 8 жоба орналасқан. Кентау қаласы бойынша 2020-2025 жылдары өңірлердің кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында іске асырылатын жалпы құны 6,33 млрд. теңгеге 2 жоба іске қосылады. Онда 317 жұмыс орны ашылу жоспарланған, – деді Жандос Қалмырзаұлы.

Биылғы 9 айда қалада 21,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Кентау қаласы мен оған қарасты ауылдар 100% ауызсумен қамтылған, толық орталықтандырылған электр желісіне қосылған. Биыл жыл соңына дейін 18 мың абонентті табиғи газға қосу жоспарланып отыр. Айта кетерлігі, қазіргі таңда, Сауран ауданы аумағынан жалпы көлемі 75,5 мың га. жайылымдық жерді Кентау қаласына қосу жолымен шекараны 128,3 мың га. өзгерту бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

Кентау қаласының көшелерін жарықтандыру және қайта жаңғырту мақсатында жұмыстар атқарылуда. Сметалық құжаттамаға сәйкес, 85 көшеге 1 070 дана жарықшам орнатылды. Қосымша биыл жыл соңына дейін 200 дана жарық бағанасын орнату жоспарланған. Нәтижесінде Кентау қаласының көшелерінің 90%-ы жарықтандырылады.

Сондай-ақ шаһарда жалпы ішкі жолдар 268 көшені, яғни 173,5 шақырымды құрайды, оның ішінде, асфальтты 175 көше (77,3%), қиыршық тасты 88 көше (19%) және топырақты 5 көше (3,7%) бар. Биыл Кентау қаласында 46 көше жөндеуден өткізілді. Бұл – облыста ең үздік көрсеткіштің бірі. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Қарнақ ауылының 10 көшесін орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Мемлекеттік жекешелік әріптестік (ГЧП) аясында 2020-2025 жылдары 128 көшені жөндеуден өткізу және күтіп ұстау жұмыстары жоспарланған.

Айта кетейік, Кентауда 103 мыңнан аса халық тұрады. Қалаға қарасты 4 ауыл бар.

 

Алдыңғы жаңалық

Серікқали Брекешев түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

Келесі жаңалық

Қазығұртта тұрғындар көтерген мәселелер шешімін тауып келеді

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда «Түркі әлемінің орталығы» нысанының тұжырымдамасын әзірлеу жөнінде мәжіліс ұйымдастырылды
Билік

Түркістанда «Түркі әлемінің орталығы» нысанының тұжырымдамасын әзірлеу жөнінде мәжіліс ұйымдастырылды

November 24, 2022
Алаяқтардың арбауына түскен ана
Аймақ

Алаяқтардың арбауына түскен ана

November 24, 2022
Түркістан облысындағы су қоймаларынан келер қауіп жоқ
Аймақ

Түркістан облысындағы су қоймаларынан келер қауіп жоқ

November 24, 2022
Біріккен «Қазавтожол» мен «Қазақавтодор» жаңа тұжырымдамасын таныстырады
Аймақ

Біріккен «Қазавтожол» мен «Қазақавтодор» жаңа тұжырымдамасын таныстырады

November 24, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

November 24, 2022

Түркістанда «Түркі әлемінің орталығы» нысанының тұжырымдамасын әзірлеу жөнінде мәжіліс ұйымдастырылды

November 24, 2022

Алаяқтардың арбауына түскен ана

November 24, 2022

Түркістан облысындағы су қоймаларынан келер қауіп жоқ

November 24, 2022

Дархан Cатыбалды Түркістандық брендті қалыптастыруға күш салуды тапсырды

November 24, 2022

Біріккен «Қазавтожол» мен «Қазақавтодор» жаңа тұжырымдамасын таныстырады

November 24, 2022

Вице-премьер Түркістан облысындағы жылыжай жұмысымен танысты

November 24, 2022

Түркістанда ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің «ALTYN KÚZ – 2022» САЛТАНАТТЫ мерекесі өтті

November 24, 2022

Қазақстаннан әлем елдеріне ұшақпен сапарлау арзандайды

November 24, 2022
Келесі жаңалық
Қазығұртта тұрғындар көтерген мәселелер шешімін тауып келеді

Қазығұртта тұрғындар көтерген мәселелер шешімін тауып келеді

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы,
    Алатау Медиа орталығы, 4-қабат
  • E-mail: , 
  • turkistanzaman.kz

Басты жаңалықтар

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссиясының кезекті отырысы өтті

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссиясының кезекті отырысы өтті

by Asyl Tolegenova
November 18, 2022
0

by Asyl Tolegenova
November 24, 2022
0

Серіктестер

NurMedia
         
  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2021 turkistanzaman.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2021 turkistanzaman.kz