Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
TurkistanZaman
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Түркістан тұлғалар
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Түркістан тұлғалар
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
TurkistanZaman
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Қоғам

Тыңайтқышқа бөлінген қаражаттың басым бөлігі шетелдік өндірушілерге кеткен

Тыңайтқышқа бөлінген қаражаттың басым бөлігі шетелдік өндірушілерге кеткен
Gauhar OrtayGauhar Ortay
June 30, 2021
in Қоғам
0
0
SHARES
37
VIEWS

Қазір қоғамда ауыл шаруашылығына қатысты субсидиялар мен жеңілдіктерді бөлудегі жүйесіздіктер жиі сыналып жүр.  «Nur Otan» партиясы жанындағы Аграрлық секторды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында осы саладағы өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтсақ,  тыңайтқыштар өндіру, жем-шөп сатып алуды субсидиялау, отандық агрохимияның жай-күйі және басқа да өзекті мәселелер сөз болды.

Кеңес мүшесі Ярали Халилов шаруаларды субсидиялаудың қазіргі жүйесінің ашықтығына күмәнмен қарайтынын айтты. Мәселен, егер Қазақстанда барлығы 252 мыңнан астам ауыл шаруашылығы субъектісі болса, солардың 3,8% ғана арзандатылған бағамен өсімдіктерді қорғау құралдарын, 6% ғана тыңайтқыштар алған.

«Бұл қолданыстағы субсидиялау тәртібінің тиімсіздігін көрсетеді. Қаржылық қолдауға тек таңдаулылар ғана қол жеткізе алатындай көрінеді. Ақшаны әркімнің қолына ұстата салуға болмайды. Өндіріс факторларын жеткізушілерге, яғни фермерлер тұқым, жабдық сатып алғандарға тікелей төлеу керек. Субсидияларды кім және қалай алғанын бақылау оңайырақ болады», – деді Ярали Халилов.

Тыңайтқыштарды субсидиялау саласында да айтарлықтай қиындықтар баршылық. Өйткені субсидиялау тәртібі жыл сайын және дәл көктемгі егіс жұмыстары кезінде өзгереді. Соның салдарынан фермерлер тыңайтқышты қазақстандық өндірушілерден сатып ала алмай қалады. Сосын олар шет елдікін алады немесе тыңайтқышқа жарымай, оны аз мөлшерде пайдаланады.

Қазақстандық химия өнеркәсібі одағының басшысы Мұқаш Ескендіровтің айтуынша, өткен жылы минералды тыңайтқыштарға берілетін субсидияның жалпы көлемі 27,8 млрд. теңгені құраған. Бірақ, бұл ақшаның басым бөлігі шетелге кеткен.

«Отандық минералдық тыңайтқыштарды өндірушілердің үлесіне барлық субсидиялау көлемінің 48%-ы ғана тиесілі. Осы мақсатқа бөлінген бюджет қаражатының жартысынан көбі, ал бұл шамамен 14,5 млрд. теңге өзбекстандық және ресейлік зауыттарға кетті», – деді Мұқаш Ескендіров.

Осы нарықта тәртіп орнату үшін Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Берік Оспанов өндірушілерге өз қоймаларының болуын міндеттеуді ұсынды. Оның пікірінше, бұл контрафактілік өнімдермен күресуге мүмкіндік беріп қана қоймай, отандық тыңайтқыштарға деген сұранысты арттырады.

Tags: Аграрлық секторагрохимияАуыл шаруашылығытыңайтқыш
Алдыңғы жаңалық

Түркістан: жол картасын орындаудағы өзекті мәселелер талқыланды

Келесі жаңалық

Халық 730 әкімді сайламақ

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте санитарлық талаптарға сай келмейтін балабақшалар анықталды
Аймақ

Шымкентте санитарлық талаптарға сай келмейтін балабақшалар анықталды

December 12, 2022
Саурандық үздік жастар марапатталды
Аймақ

Саурандық үздік жастар марапатталды

December 12, 2022
Келес ауданында 70 маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие берілді
Аймақ

СҚО-да шыршаны браконьерлерден қорғау үшін 95 мобильді топ құрылды

December 12, 2022
Келес ауданында 70 маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие берілді
Аймақ

Келес ауданында 70 маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие берілді

December 12, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Шымкентте санитарлық талаптарға сай келмейтін балабақшалар анықталды

December 12, 2022

Саурандық үздік жастар марапатталды

December 12, 2022

Каникул қысқара ма?

December 12, 2022

Шымкентте пәтерінде есірткі жасырған әйел ұсталды

December 12, 2022

Қазақстандық оқушылар рекорд жаңартты

December 12, 2022

Тоқаев Ұлттық қордың шығынының көптігін және оның табысының төмен екенін сынады

December 12, 2022

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысты

December 12, 2022

СҚО-да шыршаны браконьерлерден қорғау үшін 95 мобильді топ құрылды

December 12, 2022

Келес ауданында 70 маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие берілді

December 12, 2022
Келесі жаңалық
Халық 730 әкімді сайламақ

Халық 730 әкімді сайламақ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы,
    Алатау Медиа орталығы, 4-қабат
  • E-mail: info@turkistanzaman.kz, 
  • www.turkistanzaman.kz
Yandex.Metrica

Басты жаңалықтар

История развития антимонопольной политики Казахстана

История развития антимонопольной политики Казахстана

by TurkistanZaman
June 3, 2021
0

Қазақстанда тойға рұқсат берілді

Қазақстанда тойға рұқсат берілді

by Dauren Zhunis
September 21, 2021
0

Серіктестер

NurMedia
         
  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2021 turkistanzaman.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2021 turkistanzaman.kz