Қазақстандықтар миллион доллар табу үшін 246 жыл жұмыс істеуі қажет екен. Сарапшы мамандар қомақты қаржылық табысқа кенелу үшін әр елдің тұрғындары қанша жыл жұмыс істеу керек екенін есептеп берді. Ол үшін әлемнің әртүрлі елдеріндегі орташа жалақы есепке алынған. Мысалы, бір миллион доллар табуға кететін жылдар саны бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 102 орынның ішінен 87-орынды иеленді. Миллион доллар табу үшін отандастарымызға 245 жыл 11 ай қажет. Бұл тізімде көршілес Өзбекстан 96-орында болса, Ресей 70-қатарға келіп жайғасты. Ал Пәкістан, Нигерия және Уганда тұрғындарына миллион доллар табу үшін 400 жылдан астам уақыт еңбектенуі керек