Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
TurkistanZaman
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Түркістан тұлғалар
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Түркістан тұлғалар
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
TurkistanZaman
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Спорт

Turan Barysy. Азия Кубогына әлемнің бірнеше дүркін чемпиондары қатысады

Turan Barysy. Азия Кубогына әлемнің бірнеше дүркін чемпиондары қатысады
Asyl TolegenovaAsyl Tolegenova
October 28, 2022
in Спорт
0
0
SHARES
139
VIEWS

29 қазанда Түркістан қаласында «Olympic center» спорт сарайында алғаш рет қазақтың ұлттық күресінен «Turan Barysy» Азия Кубогы өтеді. Жарысқа Түркі мемлекеттері ұйымының өкілдері – Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан және Қазақстан қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дүбірлі додаға жеті елдің ең мықты деген спортшылары келе жатыр. Олардың арасында қазақ күресімен қоса дзюдодан, самбо мен кураштан халықаралық жарыстарда жүлде алып жүрген спортшылар бар. Әзербайжан құрамасы атынан самбодан екі дүркін әлем чемпионы Эйваз Бақшиев (60 кг) бақ сынайды. Мажарстан құрамасы сапында дзюдодан Еуропа чемпионы Эндре Гунич (82 кг), дзюдодан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Еуропаның үш дүркін чемпионы Барна Бооур (+90 кг) Азия Кубогында жеңіс тұғырынан көрінуге үмітті. Ал түркиялық Фуркан Гүнер дзюдодан Еуропа чемпионы атанған мықты спортшы.

Түрікменстан құрамасының балуандары да осал қарсылас емес. Кураштан әлем чемпионы Шаммухамет Курбанов (66 кг) пен самбодан екі дүркін әлем чемпионы Самвел Айрапетян (82 кг) Түркістан төрінде боз кілемде мықтылармен белдеседі. Түрікменстандық Тежен Теженов самбодан бірнеше дүркін әлем чемпионы, 2017 жылы Минск қаласында қазақ күресінен әлем чемпионы атанды.

Өзбекстан балуандары қазақ күресінен өтіп жүрген халықаралық жарыстарда жақсы өнер көрсетіп жүр. Құрама сапында кураштан әлем чемпионы Умид Есанов (82 кг), кураштан әлем чемпионы, дзюдодан Азия чемпионы Еркін Козоков (90 кг), кураштан үш дүркін әлем чемпионы, қазақ күресінен екі дүркін әлем чемпионы Мухсин Хисомиддинов (+90 кг) бар.

Азия Кубогында қазақ балуандарына да үлкен үміт артылып отыр. Қазақстан сапында 90 келі салмақта Айдарбек Тоқтарбек 2021 жылы қазақ күресінен әлем чемпионы атанды. 90 келіден жоғары салмақта Ғалымжан Қырықбай «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің 2021 жылы күміс, 2022 жылы қола жүлдегері.

Турнир еліміздегі ұлттық спорт түрін дамыту және қолдау мақсатында өткізіледі. Бұдан бөлек, «Turan Barysy» жастарды спортқа тарту және ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау міндетін алға қояды.

Айтулы іс-шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігінің, сондай-ақ, «Qazaq kuresi» ассоциациясы, «Qazaqstan Barysy» қазақ күресін қолдау және дамыту қорының ұйымдастыруымен өтеді. Турнирдің бас серіктестері – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ және «Туризм мен спортты қолдау және дамыту қоры».

Алдыңғы жаңалық

Төлебиде жаңа кәсіпорын ашылды

Келесі жаңалық

Қазақстан ерлер құрамасы Әлем Кубогының күміс жүлдегері атанды

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда Қажымұқан Мұңайтпасовтың жүлдесіне арналған «Азия кубогы» додасы басталды
Спорт

Түркістанда Қажымұқан Мұңайтпасовтың жүлдесіне арналған «Азия кубогы» додасы басталды

November 23, 2022
15 жастағы қазақ қызы джиу-джитсудан әлемнің алты дүркін чемпионы атанды
Спорт

15 жастағы қазақ қызы джиу-джитсудан әлемнің алты дүркін чемпионы атанды

November 21, 2022
Аймағамбетов әлем чемпионатында қай құрама жеңетінін айтты
Билік

Аймағамбетов әлем чемпионатында қай құрама жеңетінін айтты

November 21, 2022
Түркістан спортшылары жүзуден 19 медаль жеңіп алды
Спорт

Түркістан спортшылары жүзуден 19 медаль жеңіп алды

November 15, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

November 24, 2022

Түркістанда «Түркі әлемінің орталығы» нысанының тұжырымдамасын әзірлеу жөнінде мәжіліс ұйымдастырылды

November 24, 2022

Алаяқтардың арбауына түскен ана

November 24, 2022

Түркістан облысындағы су қоймаларынан келер қауіп жоқ

November 24, 2022

Дархан Cатыбалды Түркістандық брендті қалыптастыруға күш салуды тапсырды

November 24, 2022

Біріккен «Қазавтожол» мен «Қазақавтодор» жаңа тұжырымдамасын таныстырады

November 24, 2022

Вице-премьер Түркістан облысындағы жылыжай жұмысымен танысты

November 24, 2022

Түркістанда ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің «ALTYN KÚZ – 2022» САЛТАНАТТЫ мерекесі өтті

November 24, 2022

Қазақстаннан әлем елдеріне ұшақпен сапарлау арзандайды

November 24, 2022
Келесі жаңалық
Қазақстан ерлер құрамасы Әлем Кубогының күміс жүлдегері атанды

Қазақстан ерлер құрамасы Әлем Кубогының күміс жүлдегері атанды

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы,
    Алатау Медиа орталығы, 4-қабат
  • E-mail: , 
  • turkistanzaman.kz

Басты жаңалықтар

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссиясының кезекті отырысы өтті

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссиясының кезекті отырысы өтті

by Asyl Tolegenova
November 18, 2022
0

by Asyl Tolegenova
November 24, 2022
0

Серіктестер

NurMedia
         
  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2021 turkistanzaman.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2021 turkistanzaman.kz