Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
TurkistanZaman
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Түркістан тұлғалар
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Түркістан тұлғалар
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
TurkistanZaman
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Спорт

Түркістанда Қажымұқан Мұңайтпасовтың жүлдесіне арналған «Азия кубогы» додасы басталды

Түркістанда Қажымұқан Мұңайтпасовтың жүлдесіне арналған «Азия кубогы» додасы басталды
Asyl TolegenovaAsyl Tolegenova
November 23, 2022
in Спорт
0
0
SHARES
2
VIEWS

Түркістанда қазақ күресінен ересектер арасында Қажымұқан Мұңайтпасовтың жүлдесіне арналған «Азия кубогы» Халықаралық турнирі өтуде. Дәстүрлі жарыста Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай мемлекеттері мен еліміздің барлық өңірлерінен келген 300-ге жуық спортшы бақ сынап жатыр.

Азия кубогында сайдың тасындай іріктелеген білекті де жүректі балуандарға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сабитов сәттілік тілеп, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының құттықтау хатын оқып берді.

– Қазақ күресі – ұлттық спорт түрлерінің ішінде өзіндік орны бар ерекше спорттың түрі. Қазіргі уақытта әлемнің 40-тан аса елінде ұлттық күресімізден федерациялар құрылып, жұмыс атқаруда. Қазақ күресінен Әлем, Азия, Африка және Еуропа чемпионаттары өткізіліп, дамудың жаңа деңгейіне көтерілді. Кейінгі он жыл көлемінде өтіп жатқан «Қазақстан барысы», «Еуразия барысы» және «Әлем барысы» додалары да бүгінде көрермен көзайымына айналып отыр. Біз ұлттық спортымызға қолдау көрсетуге әрқашан дайынбыз! – делінген құттықтау хатында.

2 күн бойы жалғасатын балуандар белдесуінде 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 келі салмақ дәрежесіндегі үздіктер анықталатын болады. Жарыстың бас төрешісі Ерлан Иманғалиевтің айтуынша, жеңімпаздарға қаржылай сый-сипат ұсынылып, түйе балуанға автокөліктің кілті табысталмақ.

Айта кетейік, жуырда Түркістан қаласында қазақ күресінен «Тұран барысы» Азия кубогы ұйымдастырылып, жарыс нәтижесінде Қазақстан құрама командасы жеңімпаз атанған болатын. Жалпы Түркістан облысында 4 облыстық, 28 аудандық және қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде қазақ күресі бөлімдері бар. Онда 148 жаттықтырушы 3600-ден аса балаға оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізеді.

 

Алдыңғы жаңалық

Екі ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жолдары талқыланды

Келесі жаңалық

Түркістанға Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі іссапармен келді

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандықтар бокстан командалық есепте үшінші орынды иеленді
Спорт

Түркістандықтар бокстан командалық есепте үшінші орынды иеленді

December 12, 2022
Түркістан облысындағы тұрғындардың 39 пайызы бұқаралық спортпен айналысады
Аймақ

Түркістан облысындағы тұрғындардың 39 пайызы бұқаралық спортпен айналысады

December 9, 2022
Шардараның ауыр атлеттері жылды табысты түйіндеді
Спорт

Шардараның ауыр атлеттері жылды табысты түйіндеді

December 7, 2022
Түркістандық спортшылар Азия чемпионы атанды
Спорт

Түркістандық спортшылар Азия чемпионы атанды

December 6, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Шымкентте санитарлық талаптарға сай келмейтін балабақшалар анықталды

December 12, 2022

Саурандық үздік жастар марапатталды

December 12, 2022

Каникул қысқара ма?

December 12, 2022

Шымкентте пәтерінде есірткі жасырған әйел ұсталды

December 12, 2022

Қазақстандық оқушылар рекорд жаңартты

December 12, 2022

Тоқаев Ұлттық қордың шығынының көптігін және оның табысының төмен екенін сынады

December 12, 2022

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысты

December 12, 2022

СҚО-да шыршаны браконьерлерден қорғау үшін 95 мобильді топ құрылды

December 12, 2022

Келес ауданында 70 маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие берілді

December 12, 2022
Келесі жаңалық
Түркістанға Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі іссапармен келді

Түркістанға Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі іссапармен келді

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы,
    Алатау Медиа орталығы, 4-қабат
  • E-mail: , 
  • turkistanzaman.kz

Басты жаңалықтар

Әскердегі өлім

Әскердегі өлім

by TurkistanZaman
September 5, 2022
0

Төлеби ауданының энциклопедиясы жарық көрді

Төлеби ауданының энциклопедиясы жарық көрді

by Balgyn Erbolkyzy
June 14, 2021
0

Серіктестер

NurMedia
         
  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2021 turkistanzaman.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2021 turkistanzaman.kz