Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
TurkistanZaman
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Түркістан тұлғалар
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Түркістан тұлғалар
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
TurkistanZaman
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Аймақ

Төлеби ауданында елдімекендерге инфрақұрылым тарту жұмыстары қызу жүріп жатыр

Төлеби ауданында елдімекендерге инфрақұрылым тарту жұмыстары қызу жүріп жатыр
Asyl TolegenovaAsyl Tolegenova
November 28, 2022
in Аймақ, Экономика
0
0
SHARES
3
VIEWS

Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласында 180 пәтерлі 9 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп, былтыр оның 6-ы пайдалануға берілді. Нәтижесінде 7 316 шаршы метр ел игілігіне тапсырылды. Ал қалған 3 тұрғын үй биыл желтоқсан айында пайдалануға беріліп, 3 658 шаршы метр тұрғын үй тапсырылмақ. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте аудан әкімі Төлеген Телғараев мәлімдеді.

Брифингте мәлім болғандай, экономиканың басты көрсеткіші саналатын жалпы өңірлік өнім көлемі 2022 жылдың 10 айында аудан бойынша 109 млрд 948 млн. теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда өсім 2,5%-ға артқан. Аймақта 2 ірі, 15 шағын және 3 қосалқы кәсіпорындар жұмыс істеп тұр. Өнеркәсіп саласында 2022 жылдың басынан 35 млрд 687 млн теңгенің өнімі өндірілген.

– Негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі есепті кезеңде 14 млрд 624 млн теңгені құрады. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында аудан әкімдігі мен «SHYMKENTCEMENT» АҚ арасындағы үш жақты меморандумға сәйкес, 10 айда 21 шақырымды құрайтын Ақбастау, Киелітас, Алғабас елдімекендерін түнгі жарықтандыру жұмыстары толық аяқталды, – деді Төлеген Тұртайұлы.

Жалпы аудан бойынша экономикалық белсенді халық саны – 48,6 мың адам. Жұмыспен қамтылғандар саны – 46,2 мың.

– Биыл ауданда тұрақты жұмыс орындарына жалпы 1 700 азаматты жолдау жоспарланып, 1 957 азамат жұмыспен қамтылды. Жастар практикасына оқу орнын тәмамдаған жас түлектерді тәжірибе алу мақсатында 300 орын жоспарланып, аудандағы 54 мекемеге 306 азамат жолданды. Ал «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында нақты 38 азамат мекемелерге жолдама алды. Сонымен қатар, 200 АЕК мөлшеріндегі грантты 173 азамат алып, барлығы өз кәсіптерін жүргізуде, – деді аудан әкімі.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2022 жылы 6 елді мекенде 6 жоба іске асырылуда. Сонымен қатар, ауданның инженерлік инфрақұрылым жүйесін дамыту мақсатында 19 бюджеттік инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ аудан орталығында №3 кәріз-тазарту құрылыс жұмыстары басталды.

– Биыл тұмса табиғатымен талайларды таңғалдырған Төлеби ауданына 90 жыл толып отыр. Аудан тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында көптеген жобалар жүзеге асырылып келеді. Мұнда туризмді дамытуға мүмкіндік мол. Бұл сала айтарлықтай дамып келеді. «Қасқасу» туристік-рекреациялық кешенінің инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Биыл ауданда екі мектеп бой көтерді. Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы аясында «Жайлы мектеп» пилоттык ұлттық жобасы әзірленуде. Жоба аясында Ленгірде 1500 орындық, Бірінші Мамырда 1500 орындық, Достықта 900 орындық, Көксәйекте 600 орындық, сондай-ақ Қосағашта 600 орындық жаңа мектептердің кұрылысы жоспарлануда, – деді аудан әкімі.

 

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық

Дархан Cатыбалды құқық қорғау органдары басшыларымен бірге бірыңғай қабылдау өткізді

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте санитарлық талаптарға сай келмейтін балабақшалар анықталды
Аймақ

Шымкентте санитарлық талаптарға сай келмейтін балабақшалар анықталды

December 12, 2022
Саурандық үздік жастар марапатталды
Аймақ

Саурандық үздік жастар марапатталды

December 12, 2022
Шымкентте пәтерінде есірткі жасырған әйел ұсталды
Аймақ

Шымкентте пәтерінде есірткі жасырған әйел ұсталды

December 12, 2022
Келес ауданында 70 маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие берілді
Аймақ

СҚО-да шыршаны браконьерлерден қорғау үшін 95 мобильді топ құрылды

December 12, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Шымкентте санитарлық талаптарға сай келмейтін балабақшалар анықталды

December 12, 2022

Саурандық үздік жастар марапатталды

December 12, 2022

Каникул қысқара ма?

December 12, 2022

Шымкентте пәтерінде есірткі жасырған әйел ұсталды

December 12, 2022

Қазақстандық оқушылар рекорд жаңартты

December 12, 2022

Тоқаев Ұлттық қордың шығынының көптігін және оның табысының төмен екенін сынады

December 12, 2022

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысты

December 12, 2022

СҚО-да шыршаны браконьерлерден қорғау үшін 95 мобильді топ құрылды

December 12, 2022

Келес ауданында 70 маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие берілді

December 12, 2022
Келесі жаңалық
Дархан Cатыбалды құқық қорғау органдары басшыларымен бірге бірыңғай қабылдау өткізді

Дархан Cатыбалды құқық қорғау органдары басшыларымен бірге бірыңғай қабылдау өткізді

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы,
    Алатау Медиа орталығы, 4-қабат
  • E-mail: , 
  • turkistanzaman.kz

Басты жаңалықтар

Әскердегі өлім

Әскердегі өлім

by TurkistanZaman
September 5, 2022
0

Төлеби ауданының энциклопедиясы жарық көрді

Төлеби ауданының энциклопедиясы жарық көрді

by Balgyn Erbolkyzy
June 14, 2021
0

Серіктестер

NurMedia
         
  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2021 turkistanzaman.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2021 turkistanzaman.kz