Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
TurkistanZaman
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Түркістан тұлғалар
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Түркістан тұлғалар
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
TurkistanZaman
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Қазақстан

“Ұлттық мұра” жобасы аясында “Түркістан ғажайыптары” экспедициясы басталды

“Ұлттық мұра” жобасы аясында “Түркістан ғажайыптары” экспедициясы басталды
Nazerke AubakirovaNazerke Aubakirova
June 23, 2021
in Қазақстан
0
0
SHARES
48
VIEWS

23 маусымда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Түркістан қаласындағы Қазақ хандығына арналған мемориалдық кешенде «Түркістан ғажайыптары» өлкетану экспедициясы ашылды. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы мен Түркістан облыстық мәдениет басқармасы бірлесіп өткізетін экспедицияның мақсаты – Түркістан облысындағы тарихи және киелі орындардың, көне ескерткіштердің бүгінгі жай-күйін зерделеу және оны жұртшылыққа насихаттау.
Салтанатты іс-шарада «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Калыйма Жантөреева тарихи ескерткіштерді қорғау – әрбір азаматтың міндеті екенін айтты.
«Түркістан облысы – тарихи ескерткіштер мен орындарға бай өңір. Деректерге сүйенсек, облыста 31 республикалық маңызы бар, 423 жергілікті маңызы бар, 1 халықаралық (ЮНЕСКО) маңызы бар, 1311 алдын ала есепке алынған ескерткіш бар. Монумент саны 800-ден асады. Жалпы 2566 ескерткіш тіркелген. Зерттей түссе, әлі де тың деректер мен тарихи орындар, ескерткіштер табылуы мүмкін. Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасында тарихи және киелі орындарды зерттеу, насихаттау, қорғау мәселелері қозғалған. Бүгін партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында қолға алынған бұл экспедициясы тарихи орындар мен ескерткіштерді қорғау, көздің қарашығындай сақтап, ұрпаққа жеткізуді мақсат тұтады. Топ құрамына өңіріміздің жігерлі, білімді, белсенді өлкетанушылары енгізіліп отыр. Ол азаматтармен бірге партия белсенділері де киелі орындарды аралап, насихаттап, тарихи сананы жаңғыртуға үлес қосады», – деді ол.
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған тарихи-танымдық жоба арқылы жас ұрпақтың бойына отаншылдықты сіңіріп, Түркістан өңірінің туристік әлеуетін көтеру де көзделген. Бұл бастама «Nur Otan» партиясының Түркістан облысы бойынша «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасына сәйкес жүзеге асырылып отыр.
Экспедиция жетекшісі, Түркістан облыстық мәдениет басқармасына қарасты «Тарихи мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталық» директоры Жандос Құрбан экспедицияның маңызы мен бағыттары туралы баяндап берді.
Өлкетанушылар алғашқы сапарын Сауран ауданы мен Кентау қаласындағы тарихи орындардан бастады. Атап айтсақ, Сауран қалажұрты, Сидақ ата қалажұрты, Қарашық қалажұрты, Жүйнек қалажұрты, Қарнақ қалажұрты, Шәммат ишан мешіт-медіресесі, Жүсіп ата кесенесі, Иқан қалажұрты, Шаға қалажұрты және Бершінтөбе қалажұртын аралап, суретке түсіріп, деректер жинайды. Одан кейін зерттеуші топ Созақ ауданына аттанып кетті.
Жалпы экспедиция 23 маусымнан 13 шілдеге дейін жалғасады. Экспедиция 13 аудан мен 3 қаланы аралап, деректер жинайды. Түркістан, Арыс және Кентау қалалары, Сауран, Созақ, Отырар, Шардара, Жетісай, Келес, Ордабасы, Сарыағаш, Қазығұрт, Төлеби, Сайрам, Түлкібас, Бәйдібек аудандарындағы 100 шақты тарихи орын суретке түсіріліп, жай-күйі зерттеледі.

Tags: ТүркістанТүркістан облысыҚазақстан
Алдыңғы жаңалық

Көрпешенің көмегімен: Полицейлер өзін-өзі өлтірмек болған әйелді құтқарды

Келесі жаңалық

Президент мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады

Ұқсас жаңалықтар

Әулие Валентин күнін тойлауға қарысымын – Қарақат Әбден
Қазақстан

Әулие Валентин күнін тойлауға қарысымын – Қарақат Әбден

November 4, 2022
Түркістандықтар өз сайлау учаскесін анықтай алады
Басты жаңалықтар

Түркістандықтар өз сайлау учаскесін анықтай алады

November 4, 2022
Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге салынған үйлер судың астында қалды
Аймақ

Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге салынған үйлер судың астында қалды

November 2, 2022
Қазір Украинада қанша отандасымыз бар?
Қазақстан

Қазір Украинада қанша отандасымыз бар?

October 20, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Шымкентте санитарлық талаптарға сай келмейтін балабақшалар анықталды

December 12, 2022

Саурандық үздік жастар марапатталды

December 12, 2022

Каникул қысқара ма?

December 12, 2022

Шымкентте пәтерінде есірткі жасырған әйел ұсталды

December 12, 2022

Қазақстандық оқушылар рекорд жаңартты

December 12, 2022

Тоқаев Ұлттық қордың шығынының көптігін және оның табысының төмен екенін сынады

December 12, 2022

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысты

December 12, 2022

СҚО-да шыршаны браконьерлерден қорғау үшін 95 мобильді топ құрылды

December 12, 2022

Келес ауданында 70 маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие берілді

December 12, 2022
Келесі жаңалық
фото: Akorda kz

Президент мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы,
    Алатау Медиа орталығы, 4-қабат
  • E-mail: , 
  • turkistanzaman.kz

Басты жаңалықтар

Әскердегі өлім

Әскердегі өлім

by TurkistanZaman
September 5, 2022
0

Төлеби ауданының энциклопедиясы жарық көрді

Төлеби ауданының энциклопедиясы жарық көрді

by Balgyn Erbolkyzy
June 14, 2021
0

Серіктестер

NurMedia
         
  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2021 turkistanzaman.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2021 turkistanzaman.kz