Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
TurkistanZaman
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Түркістан тұлғалар
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Түркістан тұлғалар
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
TurkistanZaman
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Кеңес Одағының алты батыры шыққан өңір

Кеңес Одағының алты батыры шыққан өңір
Dauren ZhunisDauren Zhunis
May 9, 2021
in Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
0
0
SHARES
137
VIEWS

Жетпістен астам мемлекет немесе жер шары халқының 80 пайызы қатысқан Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына биыл 76 жыл толды.

Бұл көлемі және адам шығыны жөнінен дүниедегі ең жойқын, ең қырғын соғыс болды.

1939 жылы КСРО жүргізген халық санағы бойынша Қазақстанда   6,2 миллион адам тұрған. Соғыс жылдары кеңес әскері қатарына  1 миллион 200 мың-нан астам қазақстандық шақырылды. Оның 601 мыңы туған жерге оралған жоқ.

Қазақстаннан барған әскерлер майдан даласында ерлікпен шайқасты. 100 000-нан астам отандасымыз жауынгерлік ерліктері үшін медаль-ордендермен марапатталды.

Шамамен 500 қазақстандық Кеңес одағының батыры, 100-ден астам адам “Даңқ” орденінің иегері атанды.

Осынау сұрапыл соғыс тарихында тоғыз жолдың торабы Арыс қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы балалар үйінің алатын орны ерекше.

Мекеме 1919 жылы орыстың әлеуетті байы босатқан ғимаратта жетімдер мен аштарға үш мезгіл ыстық тамақ даярлап беретін орын боп ашылған. Келесі жылы балалар коммунасы, 3 жылдан соң балалар үйі болды. Аласапыран оқиғалар мен кеңес империясы қолдан жасаған аштық салдарынан ата-аналарынан ерте айрылып, әлдеқалай тірі қалған балалар дәл осы мекемеде пана тапты.

Соғыс жылдары, тарихы ғасырдан астам балалар үйінің 5 түлегі қан майданда ерліктің ғажайып үлгісін көрсетіп,  Кеңес Одағының Батыры атанды.

Біз, «Turkistan zaman» ақпараттық агенттігі Жеңістің 76 жылдығы қарсаңында, жетімдік тауқыметін тартса да, отан үшін от кешкен бес батыр туралы жазуды жөн санадық.

ЖАЛҒЫЗ ӨЗІ 14 ЖАУДЫҢ КӨЗІН ЖОЙҒАН

Бейсен Сейітұлы Оңтаев  1922 жылы дүниеге келген. Ата-анасынан жастай жетім қалып, Арыс қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленген ол, соғысқа дейін Шымкент ауыл шаруашылығы техникумын бітіріп, Отырар, Мақтаарал аудандарында жер суландыру жүйесінде жұмыс істеді.

Кеңес әскері қатарына 1942 жылы қаңтарында шақырылып, Орталық майданның 65-армия 69-атқыштар дивизиясының 120-полкі құрамында соғысқа қатысқан.

Соғыс кезінде Бейсен Оңтаев Севск қаласын азат ету кезінде ерекше көзге түседі. Ол арнайы тапсырмамен жау шебіне өтіп, 3 неміс солдатының көзін жойып, 1 неміс офицерін құнды құжаттарымен тұтқынға түсіреді. 1943 жылы 15 қазанда Гомель облысының Лосев ауданында немістің артиллериялық-минометтік оғына қарамастан, Днепр өзенінің батыс жағалауына шығып, жеке шайқаста 14 жаудың көзін жояды. Осылайша плацдармды кеңейтіп, өз батальонының өзеннен тез өтуіне жағдай жасайды.

1943 жылы 30 қазанда Б.Оңтаевқа осы асқан ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумның Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Соғыстан кейін Шымкент педагогикалық институтын бітіріп, 30 жылға жуық мектеп директоры қызметінде болды. І дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Туған ауылына, сонымен қатар орта мектепке Оңтаев есімі берілген.

СОҒЫСТА ҮЛКЕН БЕТБҰРЫС ЖАСАҒАН ШАЙҚАСТЫҢ БІРІ – ДНЕПРДІ АЛУ

Днепр шайқасында Арыс ауданынан майданға аттанған, Т.Тәжібаев атындағы балалар үйінің тағы бір түлегі – 1922 жылы туған Берген Исаханов. Ол 1943 жылдың ақпанында өз еркімен майданға аттанып, Орталық майданның 65-армия, 69-атқыштар дивизиясының 120-полкі құрамында айрықша көзге түскен.

1943 жылы 15 қазанға қараған түні Берген Исахановтың бөлімшесі полк арасында алғашқылардың бірі болып Днепр өзенінен (Гомель облысы, Лоев ауданы) өтеді. Б.Исаханов өзінің жаужүректігімен жауынгерлерді алға бастап, немістерді 3 линиялы траншеялардан қуып шығып, күші басым жаумен ұрыс жүргізеді. Б.Исаханов бастаған сарбаздар осы ұрыста асқан ерлік көрсетіп, өзі осы ұрыста немістің үш танкісін жойып, жауды кейін шегіндіреді. Сарбаздардың  күшімен  жаудың қарымта шабуылдары тойтарылып, барлық негізгі бөлімшелер Днепрдің оң жағалауына өтеді.

Днепрді алу – Ұлы Отан соғысының айтулы шайқастарының бірі болды. Бұл шайқас –  cол кездегі Кеңес армиясының әскери өнерінің жарқын беттерінің бірі болды.

1943 жылы 30 қазанда Б.Исахановқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Соғыстан кейін, Б.Исаханов өзінің туған ауылында жауапты қызметтер атқарды. Батырдың ерлігі ұрпақ есінде. Балалық шағы өткен Ордабасы ауданындағы қазіргі Берген Исаханов ауылында ескерткіш орнатылған.  Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясында туған жері Сарысу ауданы Жайылма ауылында Ұлы Отан соғысы құрбандарына қойылған монументтің қасбетінде Берген Исахановтың есімі қашалып жазылған.

 

 

БІР БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ҮШ ТҮЛЕГІ БІР-АҚ КҮНДЕ БАТЫР АТАНДЫ

Балалар үйінің тағы бір тәрбиеленушісі, соғыс қарсаңында осында тәрбиеленіп, еңбек еткен Садық Ысмайыловтың асқан ерлігі Украина қаласы Мелитопольді азат ету үшін өткен шайқаста жарқ ете көрінді.

1943 жылы Мелитополь үшін шайқас етек жайып қыза түсті. Қала көшесінде немістің әйгілі «Тигр» танкілерінің үшеуі С.Ысмайылов жасырынған үйге бет алады. Аға сержант Садық оларды өткізіп жіберіп, артынан соққы беріп, үш танкіні де жояды. Осы кезде неміс автоматшыларының оғына тап болады. Осы ұрыста С.Ысмайылов гранатамен 5 фашисті құлатып салады. Қалғандары айбарлы қазақтың көзсіз ерлігіне шыдамай, кейін қаша жөнеледі. Оған осы шайқастағы қаһармандығы үшін 1943 жылдың 1 қарашасында Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.

Отан үшін отқа түсуге әрқашан да даяр тұрған көзсіз батырлар үшін  бұл әдеттегі іс екені аян. Дегенмен, бір балалар үйінің үш бірдей түлегінің араға бір-ақ күн салып батыр атануы сирек оқиға…

ӘР СҮЙЕМ ЖЕРДІ ҚОРҒАП ҚАЛДЫ

Балалар үйінің тағы бір түлегі, Кеңес Одағының Батыры – Иван Журба. 23-гвардиялық мотоатқыштар бригадасы, атқыштар ротасының командирі, гвардия кіші лейтенанты И.Журбаның ротасы 1943 жылы қарашаның басында Днепр өзенінен алғашқылардың бірі болып өтті. Ол басқарған рота жау қорғанысын бұзып, Киев қаласының маңында орналасқан Святошино селосын азат етті де, жау тылындағы Киев-Житомир тас жолын басып алды. Фашистер қарсы атакаға шығып ұрыс салғанымен, И.Журба бастаған 23-гвардиялық мотоатқыштар бригадасы қолға түсірген әр сүйем жерді негізгі күш келгенше қорғады. Юровка селосы үшін болған шайқаста асқан ерлік көрсетіп, ол басқарған рота басқыншылардың 100-ден астам солдатының көзін жойды.

КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен 1944 жылы Днепрді, Киевті азат ету соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

И.Журба соғыс аяқталған соң запасқа шығып, Қызылорда қаласында қызмет жасады. Ленин, Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.

МӘСКЕУ ТӨРІНДЕ ШЕРУГЕ ҚАТЫСҚАН ҚАЗАҚ БАТЫРЫ

Осыдан 76 жыл бұрын Мәскеудегі Қызыл алаңда 1945 жылдың 24 маусым күні Отан соғысының құрметіне орай үлкен шеру өтті. Мерекелік шеруде жүріп өткен айбынды жауынгерлердің қатарында Арыстағы балалар үйінде тәрбиеленген Нағи Ілиясов та бар еді.

Балалық шағында көп қиындық көрген ол жасөспірімдерге қолдау көрсету, көмектесу мақсатында мұғалім мамандығын игеріп, өзі туған ауылда оқытушы болып жұмысқа орналасады.

1942 жылы  мектепте сабақ беріп жүрген жерінен әскерге аттанады. Осы жылдың қаңтарынан бастап қарулы күш құрамында жүріп Отан алдындағы азаматтық борышын қалтқысыз атқарып, Элиста, Ростов, Донбасс, Киев, Житомир қалаларын азат етуге қатысты.

От пен оқтың ортасында жүрген батырдың соғысының тарихындағы аса ауыр шайқастарының бірі – Будапешт операциясы еді. 1944 жылы төрт айға созылған ұрыста ол Дунайдың оң жағалауына өтіп, шабуылдау тобының құрамымен Майошхаза венгр ауылы үшін шайқасады. Ұрыс кезінде оның оң жақ санына оқ тиіп жараланса да жаумен алысуын тоқтатпай, жаудың ересен зор күшін және техникасын өткізбей қатты тойтарыс берді.

1945 жылғы 24 наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен неміс-фашистік басқыншылармен күрес майданында қолбасшылық міндеттерін үлгілі орындағаны үшін және осы кезде көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Нағи Ілиясовқа Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын жұлдыз» медалі қоса тапсырылды.

Атақты барлаушы Н. Ілиясов 1945 жылдың қараша айында әскерден қайтқаннан кейін Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында ұзақ әрі жемісті қызмет етті.

ӨЛМЕС ЕРЛІК ЖАСАП, МӘҢГІЛІК ДАҢҚҚА БӨЛЕНГЕН

Арыс өңірінің тағы бір перзенті, Кеңес Одағының Батыры Ережепбай Молдабаев турасында айта кеткен жөн. Арыс қаласында туып, мектеп есігін осында ашқан Е.Молдабаев жастайынан еңбекке араласқан.  Колхозда су мұрабы боп жұмыс істеген ол кәмелеттік жасқа жеткен соң өз еркімен майданға аттанады. Украина майданы 3-гвардиялық армия 89 атқыштар дивизиясы 545 атқыштар полкі құрамында соғысқа қатысады.

Е.Молдабаев

1944 жылы 29 шілдеде 6 адамнан құралған шағын топпен Висла өзенінен өтіп, жау құрған плацдармды басып алуға қатысады. Өзеннен өтерде борап тұрған миномет пен пулемет оғы қайықты жарамсыз күйге түсіреді. Қайықта болған батальон командирінің орынбасары ауыр жарақат алып, есінен танып, суға бата бастайды. Осы кезде Е.Молдабаев командир мен тағы 2 сарбазды жағаға алып шығады. Жолдастарын құтқарған ол қарсы жағаға жүзіп өтеді де, жауға ұрыс ашып, өз ротасының сарбаздарына өзеннен өтуге мүмкіндік ашып береді. Шағын топ екі тәулік бойы жаудың сансыз шабуылын тойтарады. Фашистер тоғыз рет қарсы атакаға шығып, біздің жауынгерлердің күші басым жаумен тоғыз рет ұрыс салуына тура келді. Алайда, Молдабаев пен оның достары плацдармды асқан ерлікпен қорғап қалды.  1944 жылы 7 тамызда Е.Молдабаев ұрыста ерлікпен қаза болды.

Ол Полшаның Грудза селосында жерленген.

Е.Молдабаевқа көрсеткен ерлігі үшін КСРО Жоғары Кеңесінің Төралқасының Жарлығымен 1944 жылы 23 кыркүйекте Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Бұл – қиян-кескі соғыста ерлік көрсеткен батырларымыздың бір парасы ғана. Біз сайын далада еркін өсіп, ел басына қатер төнген кезеңде етігімен су кешкен сарбаздардың ерлігін жас ұрпаққа жеткізуді мақсат тұттық. Жарқын болашақ үшін жанын қиғандар ешқашан да ұмытылмайды…

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

«Оңтүстік Қазақстаннан шыққан батырлар» / А.Мырзахметов, 2015 ж.

«Қазақстанның Кеңес Одағының Батырлары» / Н.Мауытов (Бас редактордың орынбасары) 2010 ж.

«Арыстың елі – намыстың елі» / П.Салықбаев, С.Әлібекұлы, 2006 ж.

«Арыс өңірінің тарихы» / М.Аяпұлы, 2001 ж.

Tags: 76 жыл9 май9 мамырАрысАрыс балалар үйіБейсен онтаевБейсен ОңтаевБерген ИсахановЕрежепбай Молдабаевжеңіс күніЖеңіске 76 жылИван Журба АрысНағи ІлиясовсоғысТ.ТәжібаевТүркістан Заман
Алдыңғы жаңалық

Келесте соғыс ардагерлеріне арналған аллея мен ескерткіш ашылды

Келесі жаңалық

Бәйдібек ауданында елді мекендерге ауыз су берілді

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте санитарлық талаптарға сай келмейтін балабақшалар анықталды
Аймақ

Шымкентте санитарлық талаптарға сай келмейтін балабақшалар анықталды

December 12, 2022
Саурандық үздік жастар марапатталды
Аймақ

Саурандық үздік жастар марапатталды

December 12, 2022
Тоқаев Ұлттық қордың шығынының көптігін және оның табысының төмен екенін сынады
Басты жаңалықтар

Тоқаев Ұлттық қордың шығынының көптігін және оның табысының төмен екенін сынады

December 12, 2022
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысты
Басты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысты

December 12, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Шымкентте санитарлық талаптарға сай келмейтін балабақшалар анықталды

December 12, 2022

Саурандық үздік жастар марапатталды

December 12, 2022

Каникул қысқара ма?

December 12, 2022

Шымкентте пәтерінде есірткі жасырған әйел ұсталды

December 12, 2022

Қазақстандық оқушылар рекорд жаңартты

December 12, 2022

Тоқаев Ұлттық қордың шығынының көптігін және оның табысының төмен екенін сынады

December 12, 2022

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысты

December 12, 2022

СҚО-да шыршаны браконьерлерден қорғау үшін 95 мобильді топ құрылды

December 12, 2022

Келес ауданында 70 маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие берілді

December 12, 2022
Келесі жаңалық
Бәйдібек ауданында елді мекендерге ауыз су берілді

Бәйдібек ауданында елді мекендерге ауыз су берілді

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы,
    Алатау Медиа орталығы, 4-қабат
  • E-mail: info@turkistanzaman.kz, 
  • www.turkistanzaman.kz
Yandex.Metrica

Басты жаңалықтар

Сауран ауданының логотипі бекітілді

Сауран ауданының логотипі бекітілді

by Gauhar Ortay
July 19, 2021
0

Мектеппен қоштасу: әлем елдері қалай тойлайды?

Мектеппен қоштасу: әлем елдері қалай тойлайды?

by Nazerke Aubakirova
May 25, 2021
0

Серіктестер

NurMedia
         
  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2021 turkistanzaman.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2021 turkistanzaman.kz