Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
TurkistanZaman
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Түркістан тұлғалар
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Түркістан тұлғалар
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
TurkistanZaman
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Қоғам

Мектеппен қоштасу: әлем елдері қалай тойлайды?

Мектеппен қоштасу: әлем елдері қалай тойлайды?
Nazerke AubakirovaNazerke Aubakirova
May 25, 2021
in Қоғам, Әлем
0
0
SHARES
23
VIEWS

«Полонез»

Польша елінде соңғы қоңырау 25 мамырда емес, оқу аяқталуына тура 100 күн қалғанда өтеді. Әдетте бұл ақпан айында. Әсем киінген оқушылар үлкен және сәнді залда өтетін салтанатты кешті міндетті түрде әйгілі поляк биі «Полонезбен» бастайды. Поляктардың сенімі бойынша емтиханды жақсы тапсыру үшін, салтанатты бал өтіп жатқанда «аяғыңыз шатасуы» немесе үстіңізде қызыл түсті киім болуы шарт.

Мектеп әкімшілігінің қатысы жоқ

Норвегия мен Швеция. Бұл екі Скандинав елдерінде мектеппен қоштасу дәстүрлері өте ұқсас. Ең бірінші түлектердің дәстүрлі теңіз фуражкаларына ұстаздар бар ізгі-тілектерін жазады. Сосын түлектер қаланың басты көшелерінің бойында жаяу шеру өткізеді. Шеруден соң алдын ала жалға алынған автобустар мен фургондарға отырып, қаланы аралап, бар дауыстарымен ән айтып, би билейді. Және де ата-аналар бұл кешке қатыстырылмайды. Айтпақшы, айтулы мерекені ұйымдастыру – оқушылардың өз мойындарында. Әрине, қаржылай тұрғыдан ата-аналар көмектесуі мүмкін, бірақ мектеп әкімшілігі бұл мерекеде ешқандай жауапкершілік арқаламайды. Ешқандай!

«Ұстаздармен кешкі ас»

Италияда мектеп кезеңін әдемі аяқтау үшін мектеп бітірушілер мұғалімдерді кешкі асқа мейрамханаға апарады. Бұл дәстүр – Сena con i professori деп аталады. Яғни, «Ұстаздармен кешкі ас». Сондай-ақ барлық шығындарды оқушылар өз мойнына алады. Себебі кешкі асқа төлеу үшін ата-анадан ақша сұрау дәстүрге жат. Түлектер мұғалімдерге үлкен өмір ұсынатын қиындықтарды жеңе алатын жасқа жеткендерін дәлелдеу үшін қажетті соманы өздері табады. Ал ақша табудың жолдары көп: қолдан жасалған бұйымдардан жәрмеңке өткізу, спектакльдер өткізу т.с.с.

Сындыру, қирату…

Біздің елде түлектер фотосуреттерін арнайы альбомдарға жапсырып, өздерінің ең жақсы жылдарындағы естеліктерін барынша сақтауға тырысса, қытайлық түлектер керісінше бұл естеліктерден барынша құтылуды жөн санайды. Қытай бітірушілерінің дәстүрлі ғұрыптарының бірі – мектеп құралдарын жою. Арнайы белгі бойынша оқушылар тақталарды, қарындаштарды, қаламдарды, дәптерлер мен портфельдердің көзін жояды. Мұның мәні – мектеп бітіру емтихандары кезінде жинақталған стрессті жеңуге көмектеседі деп саналады. Мұнда ақылға қонымды дән бар сияқты…

Мектептен «ағылшынша кету»

Ал Ұлыбританияда мектеппен қоштасу кешін өткізу үшін мектеп бітіру жеткіліксіз. Себебі британиялықтар «қоштасу кешін» аса жақтыра бермейді, тек жоғары оқу орнын бітіргенде ғана атап өткенді жөн санайды. Дәстүрлі академиялық киім мен төрт бұрышты қалпақты әуеге лақтырған соң түлектер көңіл көтеріп, қыдыру үшін қаланы аралап кетеді. Кейбір көңіл жарастырған қыз-жігіттер немесе жақсы достар ата-аналарынан жырақта болу және университтерге түсер алдында демалып сергу үшін Европа елдеріне бір аптаға сапарға шығып қайтуы мүмкін.

Ханзада мен ханшайым

АҚШ-та мектеп бітіру кеші көпшілігімізге Голливуд фильмдерінен жақсы белгілі. Америкалық бітірушілер үшін мектеп бітіру — Марсқа ұшқанмен тең.
Мектеп бітіру кешіне арналған бал – қыздар мен ұлдардың өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Оқушылар бұл салтанатты шараға бір жыл бұрын дайындала бастайды. Болашақ түлектер арасынан арнайы комитет құрылып, оның мүшелері дайындық жұмыстарымен айналысады: кеш тақырыбы, қолайлы музыка, бөлмені және оны безендіру т.с.с.
Әдетте бітірушілерге арналған салтанатты бал 4-5 сағатқа созылып, соңында балдың ханзадасы мен ханшайымы анықталады. Ал бұл атақты алу америкалық түлектерге – ғарышты игерумен тең.

Tags: 25 мамырмектепмектеппен қоштасусоңғы қоңырау
Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысының шекарасы өзгерді

Келесі жаңалық

Қазақстанда өткен тәулікте 1739 адамда коронавирус індеті расталды

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте санитарлық талаптарға сай келмейтін балабақшалар анықталды
Аймақ

Шымкентте санитарлық талаптарға сай келмейтін балабақшалар анықталды

December 12, 2022
Саурандық үздік жастар марапатталды
Аймақ

Саурандық үздік жастар марапатталды

December 12, 2022
Келес ауданында 70 маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие берілді
Аймақ

СҚО-да шыршаны браконьерлерден қорғау үшін 95 мобильді топ құрылды

December 12, 2022
Келес ауданында 70 маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие берілді
Аймақ

Келес ауданында 70 маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие берілді

December 12, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Шымкентте санитарлық талаптарға сай келмейтін балабақшалар анықталды

December 12, 2022

Саурандық үздік жастар марапатталды

December 12, 2022

Каникул қысқара ма?

December 12, 2022

Шымкентте пәтерінде есірткі жасырған әйел ұсталды

December 12, 2022

Қазақстандық оқушылар рекорд жаңартты

December 12, 2022

Тоқаев Ұлттық қордың шығынының көптігін және оның табысының төмен екенін сынады

December 12, 2022

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысты

December 12, 2022

СҚО-да шыршаны браконьерлерден қорғау үшін 95 мобильді топ құрылды

December 12, 2022

Келес ауданында 70 маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие берілді

December 12, 2022
Келесі жаңалық
Қазақстанда өткен тәулікте 1739 адамда коронавирус індеті расталды

Қазақстанда өткен тәулікте 1739 адамда коронавирус індеті расталды

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы,
    Алатау Медиа орталығы, 4-қабат
  • E-mail: info@turkistanzaman.kz, 
  • www.turkistanzaman.kz
Yandex.Metrica

Басты жаңалықтар

Қазақстанда тойға рұқсат берілді

Қазақстанда тойға рұқсат берілді

by Dauren Zhunis
September 21, 2021
0

Тарих рақымсыз

Тарих рақымсыз

by TurkistanZaman
May 27, 2021
0

Серіктестер

NurMedia
         
  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2021 turkistanzaman.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2021 turkistanzaman.kz