ҚР Білім және ғылым министрі 2021 жылғы 1 маусымдағы бұйрығымен Білім туралы құжаттарды рәсімдеу талаптарына өзгерістер енгізді.
Демек, куәліктер мен аттестаттарды, дипломдарды және қосымшаларды толтыру оқу орнының баспа құрылғыларымен жасалады. Сондай-ақ, аттестат, диплом, куәліктер мен қосымшалар қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.Бұл ретте жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломдар мен қосымшалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде толтырылмақ.
Бланкінің оң жақ айналымы мемлекеттік органдардан, сондай – ақ ҚР нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюдың тәртібі мен шарттары туралы ережелерге сәйкес тиісті органдардың апостиль қою және бланкті басқа елге әкету кезінде оны заңдастыру белгілерін қою орны болып табылады. Сонымен қатар, бланк толтырылғаннан кейін енгізілген жазбалардың дәлдігі мен қатесіз екендігі мұқият тексеріледі.Айта кетейік, қате құжат бүлінген болып саналып, жойылуға жатады.