Түркістан қаласында «Түркістан – Түркі әлемінің бесігі» атты түркі елдерінің жас көшбасшылары мен белсенділерінің халықаралық саммиті басталды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған Саммит 200-ге жуық адамның басын қосты. Ауқымды шара үш күнге жоспарланған.
Халықаралық саммиттің алғашқы күнінде қатысушылар мен қонақтар Түркістан өңірінің киелі жерлерін аралады. Ясауи кесенесіне зиярат етіп, Түркістан қаласындағы Сапар орталығына барды.
«Түркістан – Түркі әлемінің бесігі» атты түркі елдерінің жас көшбасшылары мен белсенділерінің Халықаралық саммиті ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен өтуде. Шараның негізгі мақсаты – түркі елдерінің жастарын ортақ тарих, мәдениет, дәстүрлер мен құндылықтар, сондай-ақ болашақта түркі әлемінің даму жолын ортақ пайымдау негізінде топтастыру.