Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
TurkistanZaman
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Түркістан тұлғалар
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Түркістан тұлғалар
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
TurkistanZaman
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Қазақстан

Түркістан: Инклюзивті білім беру ұйымдарының саны 9-ға артты

Түркістан: Инклюзивті білім беру ұйымдарының саны 9-ға артты
Dauren ZhunisDauren Zhunis
September 15, 2021
in Қазақстан
0
0
SHARES
71
VIEWS
Бүгін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық мәслихатындағы фракциясының мәжілісі өтті. Жиынға «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Мәжіліске Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев қатысты.
Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Бірінші мәселе – «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасындағы орындалмау қаупі бар нысандардың мәселесін шешу жөнінде Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек баяндама жасады. Оның айтуынша, Түркістан облысы бойынша «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 1956 тармақтан тұратын 1 облыстық, 16 аудандық, қалалық Жол карталары дайындалып, бекітілген.
Облыстық Жол картасында 2021 жылға 7 бағыт бойынша 110 іс-шара жоспарланған. Биыл 8 айда 30 іс-шара мерзімінен бұрын орындалса, 57-сі орындалып жатыр. Аудандық, қалалық Жол карталарында жоспарланған 1418 индикатордың 668-і (47%) орындалды, 688-і (49%) орындалу үстінде.
Жол картасы аясында 363,5 мың шаршы метр тұрғын үй беріліп, 10541 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Облыста тоқыма бұйымдарын, құрғақ сүт, бетон бұйымдарын, күйдірілген кірпіш, минералды су, күріш және ет өндіретін 13 кәсіпорын ашылып, онда 1665 адам жұмыспен қамтылған. Осы жұмыстарды баяндаған Қанат Қайыпбек кейбір индикаторлардың орындау барысындағы мәселелер мен кемшіліктерге де тоқталды. Облыстың Жол картасында бірқатар жоспардың орындалмай қаупі бар екені талқыланып, фракция мүшелері бұл мәселелерді соңына дейін жеткізу керек деген шешімге келді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе – «Инклюзивті білім алуға жағдай жасау, мұқтаж балаларды қамту деңгейін 100%-ға жеткізу» мәселесі туралы Түркістан облысының адами әлеуметті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықованың баяндамасы тыңдалды.
Оның айтуынша, соңғы үш жыл көлемінде облысымызда ерекше білім беруді қажет ететін балалардың арнайы білім беру ұйымдарының желісі 9-ға артқан. Бүгінгі таңда Түркістан облысында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға 35 арнайы білім беру ұйымдары қызмет көрсетіп жатыр. Бала санына байланысты алдағы уақытта 7 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мекемесін ашу жоспарда бар.
«Облыста инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мектептердің үлесі артуда. Инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мектептердің үлесі 75,3%-ды (669 мектеп) құрап, қамтылған балалар саны 5114-ке жетті. 3201 бала денсаулығына байланысты үйде білім алып жүр. 2095 педагог инклюзивті білім беру бойынша біліктілігін арттырды», – деген Ардақ Садықова инклюзияны қолдау кабинеттерін жабдықтау, санын арттыру, жұмысын жандандыруға қолдау қажет екеніне де тоқталды. Депутаттық фракция бұл ұсыныс бойынша тиісті қолдау көрсететіндерін жеткізді.
Алдыңғы жаңалық

Тіл мамандары Түркістан төрінде сайысқа түсті

Келесі жаңалық

«Астана балет» Түркістанға гастрольдік сапармен келеді

Ұқсас жаңалықтар

Әулие Валентин күнін тойлауға қарысымын – Қарақат Әбден
Қазақстан

Әулие Валентин күнін тойлауға қарысымын – Қарақат Әбден

November 4, 2022
Түркістандықтар өз сайлау учаскесін анықтай алады
Басты жаңалықтар

Түркістандықтар өз сайлау учаскесін анықтай алады

November 4, 2022
Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге салынған үйлер судың астында қалды
Аймақ

Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге салынған үйлер судың астында қалды

November 2, 2022
Қазір Украинада қанша отандасымыз бар?
Қазақстан

Қазір Украинада қанша отандасымыз бар?

October 20, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Шымкентте санитарлық талаптарға сай келмейтін балабақшалар анықталды

December 12, 2022

Саурандық үздік жастар марапатталды

December 12, 2022

Каникул қысқара ма?

December 12, 2022

Шымкентте пәтерінде есірткі жасырған әйел ұсталды

December 12, 2022

Қазақстандық оқушылар рекорд жаңартты

December 12, 2022

Тоқаев Ұлттық қордың шығынының көптігін және оның табысының төмен екенін сынады

December 12, 2022

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысты

December 12, 2022

СҚО-да шыршаны браконьерлерден қорғау үшін 95 мобильді топ құрылды

December 12, 2022

Келес ауданында 70 маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие берілді

December 12, 2022
Келесі жаңалық
«Астана  балет» Түркістанға гастрольдік  сапармен келеді

«Астана балет» Түркістанға гастрольдік сапармен келеді

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы,
    Алатау Медиа орталығы, 4-қабат
  • E-mail: info@turkistanzaman.kz, 
  • www.turkistanzaman.kz
Yandex.Metrica

Басты жаңалықтар

Қазақстанда жалдамалы жұмысшылар саны артты

Қазақстанда жалдамалы жұмысшылар саны артты

by Nurlan Sultanbek
March 5, 2022
0

Кеңес Одағының алты батыры шыққан өңір

Кеңес Одағының алты батыры шыққан өңір

by Dauren Zhunis
May 9, 2021
0

Серіктестер

NurMedia
         
  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2021 turkistanzaman.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2021 turkistanzaman.kz